Өзбекстанның әскери қоймасында жарылыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандар жоқ

Жарылыс Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің қоймасында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

«22 қазанда Сырдария ауданы Мәлік ауылындағы Қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болды», - деп хабарлады әскери ведомство.

Қорғаныс министрлігі құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.