БАӘ Украинаға 100 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді

Автор: Azattyq Rýhy

Гуманитарлық көмек соғыс кезінде бейбіт тұрғындарды қолдауға бағытталған

Біріккен Араб Әмірліктері Украинаға 100 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек бөледі. Бұл туралы БАӘ-нің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

«Халықаралық қауымдастық бейбіт тұрғындардың қасіретін жеңілдетііп, олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдауды күшейтуі керек. Осы мақсатта апта басында БАӘ Украинаға 100 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсететінін жариялады», - делінген хабарламада.

Гуманитарлық көмек соғыс кезінде бейбіт тұрғындарды қолдауға және олардың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Мұхаммед бен Заид әл-Нахянмен сөйлескен болатын.