Қазақстанда өткен тәулікте 42 адам коронавирус пен пневмонияға шалдыққан

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын 972 адам емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 42 адамның коронавирус пен пневмонияға шалдыққаны жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

22 қазандағы мәлімет бойынша, 972 адам коронавирус инфекциясынан (–812+ және 160 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 100 пациент стационарда, 872 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.