Елдің оңтүстігі мен шығысына суық келеді
Қазақстан бойынша 2022 жылғы 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктердің хабарлауынша елдің оңтүстігі мен шығысына суық келеді.
«Солтүстік циклон жырасы 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады, оның ықпалында бірінші кезекте елдің солтүстік жартысы болады, сонымен байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, тұман мен көктайғақ та болжанады. Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа-райы сақталады, бірақ 23 қазанда циклон жырасы шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты күтілуде.
23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон жотасымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Ауа температурасы: