20.10.2022, 17:27
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған – прокуратура
305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген
Фото ашық дереккөзден
Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Прокуратураның дерегінше 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген.
«Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:
- ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;
- ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;
- ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;
- Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;
- ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;
- ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;
- Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн», - делінген Алматы облысы прокуратурасының таратқан дерегінде.
Облыстық прокуратура тарапы аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп, құзыретті органдарға шара қолдану үшін жолдағандарын айтты.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды