Қазақстанда өткен тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 971 адам емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 51 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

20 қазандағы мәлімет бойынша, 971 адам коронавирус инфекциясынан (–827+ және 144 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 864 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 4 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.