Чехия Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін жібереді

Автор: Аягөз Құрмаш

Техника құны – 22 млн крон

Чехия Қорғаныс министрлігінің басшысы Яна Чернохова әскери көмек пакетінің құны 22 миллион крон екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Чехия Қорғаныс министрлігінің басшысы Яна Чернохова Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Біз өз сөзімізде тұрамыз және Украинаны әскери заттармен қолдауды жалғастырамыз. Біз бере алатын әскери техника туралы Үкімет отырысында айтып жатырмын. Екі апта бұрын 400 млн-ға жуық, ал бүгін 22 млн кронның әскери техникасын беруді талқылап жатырмыз», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, неміс концерні Rhinemetall Чехиямен «айналмалы алмасу» бағдарламасы аясында жаңа техниканың орнына Украинаға чехиялық әскери техниканы жеткізу туралы келісімге келген.