Бала саудалағаны үшін іздеуде жүрген шымкенттік әйел Оңтүстік Кореяда ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстік кореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ-нің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурантқа халықаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.

Оңтүстік Кореядан депортацияланғаннан соң Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.