Алматыда ресейлік дәрігерлер омыртқаға алғаш рет инвазивті хирургиялық әдіспен ота жасады

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Бұл әдіс тіліксіз жасалады, ол науқастың қан жоғалтпауына мүмкіндік береді

Алматылық дәрігерлер ресейлік хирургтармен бірлесіп омыртқаға алғаш рет инвазивті хирургиялық әдіспен ота жасады. Омыртқааралық дискіге микрохирургиялық ота Алматыдағы № 7 Қалалық клиникалық ауруханасында жасалған. Инвазивті хирургиялық әдіс омыртқаның дегенеративті сырқатымен ауыратын 58 жастағы науқасқа жасалған. Бұл хирургиялық қол жеткізудің жаңа тәсілі болып саналады. Бұл амал шағын тілік арқылы іс жүзінде қан жоғалтпай, жүйкенің жоғалған функцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

«Бұндай күрделі ота «Нейрохирургияның өзекті мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында жасалып отыр. Операция кезінде қолданыстағы магистральдық жолдар бойымен қолжетімділік жасалған, бұл үлкен тері тіліктерінен және бұлшықеттер мен жүйкелердің жеңіл жарақаттарынан қашық болуға мүмкіндік берді. Ашық хирургияға қатысты аз жарақатты техниканың артықшылықтары: хирургиялық тәуекелдің төмендігі, тез оңалу мүмкіндігі, операциядан кейінгі асқынулардың азайуы (өте сирек жағдайларда болуы мүмкін), қан жоғалту тәуекелінің азайуы, операциядан кейінгі уақытта ауырсыну белгілерінің азайуы, шағын хирургиялық жара, тыртық пен жараның қалмауы, ауруханада болу мерзімінің және қалпына келу мерзімінің қысқаруы»,- деді №7 Қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, нейрохирург Марат Әлиев.

Ресейлік нейрохирургтың сөзінше, аз инвазивті операциялар техникалық мүмкіндіктер мен заманауи жабдықты талап етеді. Операцияның сәтті болуы көбінесе операция жасайтын хирургтың және операция жасау тобының барлық мамандарының біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Мамандандырылған жабдықтар, озық бағдарламалық қамтамасыз ету, жоғары технологиялық диагностикалық құралдар, мамандарды оқыту белгілі бір күш-жігерді, қаржылық инвестицияларды және шығындарды талап етеді. Сол себептен омыртқа микрохирургиясы Алматының барлық клиникаларында жасалмайды.

«Ең соңғы үлгідегі заманауи микрохирургиялық жүйелер қолданылады. Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы қажетті жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мүмкін, микрохирургияда қолданылатын құралдарды жабдықтау қажет. №7і аурухананың нейрохирургтары ұсынған қазақстандық әріптестеріміздің жоғары кәсібилігі бізден тек құрмет пен алғыс сезімін оятады. Бізді кәсіп қана емес, көп жылғы достық жақындастырып отыр», - деді Иркутск медициналық академиясының травматология, ортопедия және нейрохирургия кафедрасының профессоры, мемлекеттік медицина университетінің нейрохирургия және инновациялық медицина кафедрасының меңгерушісі Вадим Бывальцев.