Австралия Батыс Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімді жойды

Автор: Azattyq Rýhy

Батыс Иерусалим 2018 жылдың желтоқсанында Израиль астанасы болып бекітілген еді

Фото ашық дереккөзден

Австралия алдыңғы үкіметтің Батыс Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімін жойды.

Сыртқы істер министрі Пенни Вонгтың айтуынша, қасиетті қаланың мәртебесі туралы шешім израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы бейбіт келіссөздер нәтижесінде қабылдануы керек.

Бұрынғы премьер-министр Скотт Моррисон Батыс Иерусалимді 2018 жылдың желтоқсанында сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамптың осындай шешімінен кейін Израильдің астанасы деп таныды.