19.10.2022, 00:42
Жаңалықтар
Атырау облысында қиыршық тас тиелген үш жүк вагоны рельстен шығып кетті
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Фото ашық дереккөзден
Атырау облысында қиыршық тас тиелген үш жүк вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 18 қазан күні сағат 11:15 шамасында болған. Абырой болғанда, вагондар аударылмай аман қалды.
«Мақат ауданындағы Доссор стансасында «Dossor Processing Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі тоғыз вагонның үшеуі рельстен шығып кетті. Жүк вагондарын сүйреген тепловоз Мақат стансасынан Доссор стансасы бағытына жолға шыққан. Жүк пойызындағы тоғыз вагонның бәріне қиыршық тас тиелген», — делінген хабарламада.
Болған жағдай пойыздардың қозғалысына кері әсерін тигізбеді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды