Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетуден бас тартты
Лиз Трасс британдықтардан жіберген қателіктері үшін кешірім сұрады

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс жіберген қателіктері үшін кешірім сұрады, бірақ билеуші Консервативті партияның бірқатар мүшелерінің өтініштеріне қарамастан отставкаға кетуден бас тартты.
Бұл оның тағайындаған жаңа Қаржы министрі нарықтық күйзелісті тұрақтандыру үшін салықты азайту жөніндегі барлық жоспарларын жойғаннан бір күн өткен соң болды.
«Мен қателік жібергенімізді мойындаймын, қателіктерім үшін өкінемін, бірақ мен оларды түзеттім. Қаржы министрлігінің жаңа басшысын тағайындадым. Біз экономикалық тұрақтылық пен қаржылық тәртіпті қалпына келтірдік», - деді Лиз Трасс.
Жаңа қазынашылық канцлері Джереми Хант мемлекеттік қарыздың өсуін болдырмау мақсатында британдық үй шаруашылықтары үшін электр қуаты мен газ тарифтерін екі жылдан 7 айға дейін қысқарту туралы жариялады.
Қыркүйек айының соңында жарияланған ауқатты британдықтар үшін салықты жаппай төмендету жоспары көпшіліктің наразылығын тудырды, сонымен қатар акциялар мен облигациялар нарығының құлдырауына әкеліп соқтырды, бұл бір сәтте фунт стерлингті рекордтық деңгейге дейін түсірді.