Аталған фактіге сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды
Павлодарда ер адам биіктен құлап, мерт болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, 18 қазанда сағат 14:37-де Павлодар полициясына Назарбаев даңғылы, 89/2 үйдің ауласында жоғарыдан құлаған ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Марқұм 33 жаста болған.
«Аталған мекен-жайға жедел-тергеу тобы аттанды. Ер адамның жеке басы анықталды, ол облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.
Сараптамалар тағайындалды.