Қазіргі таңда 949 адам COVID-19 инфекциясынан емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте небәрі 18 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
18 қазандағы мәлімет бойынша, 949 адам коронавирус инфекциясынан (–818+ және 131 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 109 пациент стационарда, 840 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.