Қазақстанда өткен тәулікте небәрі 12 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі таңда COVID-19 инфекциясынан 959 адам емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте небәрі 12 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

17 қазандағы мәлімет бойынша, 959 адам коронавирус инфекциясынан (–829+ және 130 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 852 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 3 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.