Өткен тәулікте елімізде 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

980 адам коронавирус инфекциясынан емделуде

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 қазандағы мәлімет бойынша, 980 адам коронавирус инфекциясынан (–848+ және 132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 873 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

2 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.