Елімізде өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір 1000 адам коронавирус инфекциясынан емделуде

Фото ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 қазандағы мәлімет бойынша, 1 000 адам коронавирус инфекциясынан (–862+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.