Сапар аясында маңызды құжаттарға қол қойылмақ
Бүгін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.