COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 науқас ауыр халде жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 50 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14 қазандағы мәлімет бойынша, 1 008 адам коронавирус инфекциясынан (–866 + және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 110 пациент стационарда, 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.