Шұғыл түрде соғысқа шақыртылған челябиндіктер Украинаның Ресей басып алған Херсон облысына жіберілген
Бейсенбіде Ресей билігі алғаш рет жұмылдырылған және шұғыл түрде Украинаға соғысқа жіберілгендердің майданда қаза тапқаны туралы хабарлады. Челябі облысының әскери комиссариаты Оңтүстік Оралдың бес тұрғынының қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
ВВС ақпараттық агенттігінің мәліметінше, қаза тапқандар мобилизациядан кейін бірден Херсон облысындағы майданға ешқандай дайындықсыз кеткен.
3 қазанда олар Луганск маңынан Херсон облысына көшірілген. Бір аптадан кейін ішінара жұмылдыруға шақырылғандардың өлімі туралы хабар туыстарына келе бастаған.
Қаза тапқандардың денесі жақын күндері Челябі қаласына жеткізіледі.
«Біз шын жүректен және терең көңілмен қайғырамыз», - деді Челябі облысы үкіметінің баспасөз қызметі 13 қазанда берген ақпаратында.
Онда олар қаза тапқандардың туыстары мен достарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
Жұмылдыру басталғаннан кейін Ресей билігі Украинамен соғысқа тек жауынгерлік тәжірибесі бар адамдар ғана шақырылатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Мобилизация науқаны басталғаннан кейін бір-екі айдан соң ғана олар майданда болуы керек болған, бірақ шақырудан бірнеше күн өткен соң жұмылдырылғандар алдыңғы сапта соғыс алаңына жіберілген.
ЕУРОПАРЛАМЕНТ: СЕРБИЯ ЕО СТРАТЕГИЯСЫНА КЕЛІСПЕЙТІНІН МӘЛІМДЕДІ
Александр Вучич Ресейге қарсы санкцияларға қосылуға келіспесе, Сербияны қаржыландыру қайта қаралады. Бұл мәселе бойынша ұсыныс келесі пленарлық сессияда дауыс беруге шығарылады, деп хабарлайды Еуроньюс ақпараттық агенттігі.
Сербияның еуроинтеграциясы туралы есебіне сәйкес, Еуропарламент салық төлеушілердің ақшасын Еуропалық Одақтың стратегиялық мақсаттарымен бөліспейтін елдерге жұмсауға болмайды деп санайды.
«Жалпы Еуропалық сыртқы саясаттың өзіндік саяси және қаржылық бағасы бар. Қаржы туралы сөз болғанда, Сербия бұл туралы ойлануы керек, өйткені бұл елге салынған инвестиция деңгейіне қатысты. Еуропалық Одақ пен оның елдері Ресей Федерациясынан 20 есе көп инвестиция салады», - деді Хорватиядан келген еуродепутат Тонино Пикула.
Сербия президенті Александр Вучич аталған мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.
«Еуропалық Одақтың бақылауларына сәйкес, Сербия тек бір салада сәтсіздікке ұшырады. Шегіністер байқалатын басқа бірде-бір сала жоқ. Бұл – Еуропалық Одақтың сыртқы саясаттағы декларацияларына сәйкес келмеуіміз ғана. Сербия халқы үшін мұның бәрін шындық деп айту маңызды. Менің де бұдан басқа қосатын ештеңем жоқ. Бұл рас! Осылайша ,біз дауыс бердік», - деді ел президенті.
Еуропарламенттің есебінде Сербияның сыртқы саясатындағы Косовомен шиеленісті қатынастарға және көршілес Хорватия мен Черногориямен дипломатиялық жанжалдардың көбеюіне қатысты белгілі бір қиындықтар көрсетілген.
Сондай-ақ Сербияның Мәскеумен және Бейжіңмен қарым-қатынасы НАТО мен ЕО-ның бақылауында екені атап өтілді.
Еуропарламент Сербия өзінің барлық міндеттемелерін басымдықпен орындауын және өз әрекеттерін ЕО-ның жалпы сыртқы және қауіпсіздік саясатымен біртіндеп үйлестіреді деп күтеді.