Павлодарда «Газель» мен «Лада» соқтығысып, 2 адам жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда «Газель» мен «Лада» соқтығысып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Павлодар қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, 13 қазан күні сағат 3:00 шамасында «Лада» маркалы автокөліктің жүргізушісі Толстой көшесінің қиылысында «Газель» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Лада» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

«Тексеру жүргізіледі, қажетті сараптамалар тағайындалады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: