Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Кувейтте өткен Азия чемпионатында бірінші медальмен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Сабрина Арзиева алтын медаль ұтып алған.
«Ұлттық құраманың «алтынын» Сабрина Арзиева алып келді. Ол 5000 метрге жаяу жүрісте мықты болды», - делінген хабарламада.
Спортшымызға жеңіс әкелген нәтиже 27: 35.44. болды