Мемлекеттік кірістер комитеті салықтар бойынша ең көп қарызы бар 100 азаматтың рейтингін жариялады
Рейтингті Шымкент қаласының тұрғыны Мұрат Матиев бастап тұр. Оның автокөлік салығы (БСК 104402) бойынша мемлекетке 7,5 млн теңге берешегі бар. Ашық дереккөздерінде Матиевтің иелігінде «Trade Event Pro» ЖШС компаниясы бар екені жазылған. Заңды тұлға 2013 жылы тіркелген. Ал 6 млн 800 мың көлеміндегі көлік салығын бермей жүрген алматылық Жампейісов Тимур көліктік-экспедициялық қызметтер көрсететін «Интер Транском – 2006» ЖШС-ны басқарады. 1968 жылы туған азаматтың атында жүк көліктері бар.
Кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл бойынша жасаған 100 адамдық тізімдегі алғашқы ондыққа ілінгендерін ұсынамыз. Олардың дені көлік салығынан жалтарған.
Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастырмақ. Комитет борышкерлер салығының негізгі сомасын 31 желтоқсанға дейін төлесе, салық рақымшылығы бойынша өсімпұлы кешірілетінін хабарлайды.
Оқи отырыңыз: «Алматы су» қарызға белшеден батқан байлардың тізімін жариялады
Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың толық мына сілтеме бойынша көре аласыз.