Сенат кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөнінде заң қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Қабылданған заңдар Кеден одағы ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға бағытталған

 

Фото: gov.kz

Бүгін сенаторлар кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдарға қатысты екі заң қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қабылданған заңдардың бірі – «2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң. Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін жақсартуды көздейді», - делінген Сенаттың баспасөз қызмеі таратқан хабарламада.

Осы бағытта тағы бір заң қабылданды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңда жеке тұлғалардың ЕАЭО шегінен тыс қолма қол ақша қаражатын өткізуі бойынша ақпарат алмасу тетіктерін жақсартуға қатысты жаңа нормалар жазылған.

Қабылданған заңдар Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы бірлескен қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған.

«Бұл заңдар ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы аталған қылмыстардың алдын алуға қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады деп сенеміз», – деген Мәулен Әшімбаев қабылданған заңдар бойынша пікірін білдірді.