Астана су қоймасында балық аулап жүрген 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындары 10 қазанда жоғалып кеткен болатын
Құтқарушылар Астана су қоймасы жағасынан 500 метр жерде көлдің түбінен 1972 жылы туған екінші балықшының денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
10 қазанда Теміртау қаласының тұрғындары Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулап жүргенде жоғалып кеткен болатын.
«Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан алты адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан екі адам және екі техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтерлер және екі бірлік техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылды», - деп көрсетті Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.