Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысы жарияланды
Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігін тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.Қ. Күрішбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына енгізілсін», - делінген ОСК хабарламасында.