Әлихан Смайылов Астана әуежайында Александр Лукашенконы қарсы алды
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.