Нарендра Модидың арнайы өкілі Астанадағы Махатма Гандиге арналған ескерткішті ашады

Автор: Azattyq Rýhy

Ескерткіш Отан қорғаушылар ескерткішкіне қарама-қарсы орнатылған

Фото: ашық дереккөзден

Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Жоғары мәртебелі Минакаши Лекхи Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мырзаның арнайы өкілі ретінде 12-13 қазанда Астанада АӨСШК саммитіне қатысады, деп хабарлады Azattyq Ruhy тілшісі.

Сапар аясында ол Қазақстанның басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен бірге Махатма Гандидың мүсінін ашады.

Махатма Ганди - әлемдегі ең танымал тұлғалардың бірі. Көптеген елдің көрнекті жерлерінде Махатма Гандидің бюсті мен мүсіндері орнатылған.

Мысалы, Алматыда Махатма Гандидің мүсіні 2003 жылы орнатылды.

Астана қаласында Махатма Гандидің мүсіні Қазақстан Үкіметі мен Астана қаласы билігінің қолдауымен ескекші арнасының бойындағы Отан қорғаушылар ескерткішкіне қарама-қарсы орнатылды.

«Биыл Үндістан тәуелсіздігіне 75 жыл және Үндістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 30 жыл толып отыр. Қазақстан астанасындағы Махатма Гандидің мүсіні халықтар арасындағы тығыз байланысты одан әрі нығайтады», - деп хабарлады Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 12-12 қазанда Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 елдің президенті қатысады.