Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Тек еліміздің батыс аймақтарында жаңбыр жаууы мүмкін

Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің батыс аймақтарында Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайтындықтан, жаңбыр жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республиканың батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі, шығыста және оңтүстік-шығыс аудандарының таулы аудандарында тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.
Астанада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Күндіз жел секундына 0-5 соғады. Күндіз 16-18, түнде 0-2 градус болады.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метр жетеді. Күндіз 19-21, түнде 3-5 градус болады.
Шымкентте де ауа райы аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Күндіз 23-25, түнде 7-9 градус болады.