Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды
Павлодарда WhatsАpp мессенджерінде мұғалімін балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар мектебінің мұғалімі өзінің оқушысына шағымданған.
«Мұғалім оқушысының WhatsАpp мессенджерінде оған балағат сөздер жазғанын айтты. Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық ПБ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Әсия Әлкеева.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша кәмелетке толмаған бала жасаған бұзақылық үшін ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық мөлшерде айыппұл қарастырылған.