Министр қосалқы бағаны да белгілеуге болмайтынын жеткізді
Үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев дүкендердегі бағаны рубльмен белгілеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Теңге және өзге валютаны қосып көрсетуге болмайды. Теңге ғана көрсетілуі тиіс. Ұлттық валютаны реттеу Ұлттық банктің құзыретіне жатады. Алайда біз барлығымыз патриот болуымыз керек. Заңға бағынуымыз керек. Заңда көрсетілгендей, ұлттық валюта теңге болып есептеледі. Егер ондай деректер тіркелсе, заңсыздықты жоямыз. Оның ішіне дүкен қызметкерлері де кіреді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Астанадағы азық-түлік дүкені бағаны рубльмен белгілегені туралы анықталған еді.