Ақтауда қонақ үйден өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр

фотоны куәгерлер түсірген

Ақтауда қонақ үйден өрт шығып, 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, Ақтау қаласының 3 шағын ауданында орналасқан «Керемет» қонақ үйінде өрт шыққан. Қонақ үйдегі диван өртеніп, 10 шаршы метр жерді жалып шарпыды.

Сағат 22:30-да өрт сөндірілді. ТЖД қызметкерлері 30 адамды қауіпсіз жерге шығарды, 1 адам өрттен құтқарылды. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Тегтер: