Кей өңірлерде күн бұлтты болып, түнде тұман түсуі мүмкін
Синоптиктер 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің шығыс аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түсуі мүмкін.
Астанада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Күндіз жел секундына 15-20 метр, түнде 9-14 метр соғады. Күндіз +12+14, түнде 0,+2 болады.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метр жетеді. Күндіз +13+15, түнде +4+6 болады.
Шымкентте де ауа райы жауын-шашынсыз болады, жел жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз +20+22, түнде +5+7 болады.