Өрт сөндірушілердің айтуынша мемлекеттік орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ
Павлодар облысында 25 гектар жаңа шабылған шөп пен қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ағымдағы жылдың 9 қазанында сағат 10.27-де Май ауданында құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Баскөл ауылының маңында 25 гектар аумақта құрғақ шөп, қамыс және жаңа шабылған шөп өртеніп жатыр», - деп көрсетті Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД, Павлодар орманшылығының, Жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары 11 бірлік техникасы мен 49 адам жұмылдырылды.
Мемлекеттік орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ.