ОСК: ҚР президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев талаптарға сай келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы бүгін ОСК төрағасы Н.Әбдіров мәлімдеді

Фото: Жигули Дайрабаев/ facebook.com

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында ҚР президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаевтың талаптарға сай екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Молдахалықұлы Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын»,- делінген ОСК ресми хабарламасында.