Өзбекстандық пойыз жолсерігі Қазақстан арқылы есірткі затын тасымалдаған

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады

фото: Көліктегі ПД

Өзбекстан Республикасы жолаушылар пойызының жолсерігі Қазақстан арқылы есірткі затын тасымалдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп Сарыағаш станциясына келген «Ташкент–Самара» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында, есірткі құралдарын іздеуге үйретілген қызметтік-іздестіру иті жоғарыда аталған пойыздың 26 жастағы жолсерігіне белгі беріп, көрсетті. Күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты», - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет.

Тегтер: