Атырауда «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалынан бірқатар заңбұзушылық анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары 14 рет бұзылған

Фото: gov.kz

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау филиалының бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

«Тексеру барысында кәсіпорынға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық-рұқсат беру құжаттамасы қаралды және 12 қауіпті өндірістік объекті (АГТС-автоматты газ тарату станциялары, кентаралық газ құбырлары-бұрмалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары 14 рет бұзылған.

Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі және 306-бабы 4-бөлігі бойынша айыппұлдар түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - делінген комитет хабарламасында.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі заңбұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың білімін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау;

- тексеру мерзімі өткен бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарын қолдануға рұқсат беру;

- өндірістік бақылау туралы Ереженің шарттарын орындамау;

- газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіздік талаптарын сақтамау;

- персоналдың газ жабдығының техникалық жай-күйіне уақтылы бақылауды жүргізбеу және т.б.