Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық құрама жаңартылған рейтингіде 113-орынға орналасқан

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингіде бір сатыға жоғарылады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа рейтинг бүгін жарияланды. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингіде 113-орынға орналасқан.

Айта кетейік, рейтингінің көш басында 1 841 ұпаймен Бразилия тұр. Екінші орында Бельгия – 1 816, ал үштікті Аргентина түйіндеген – 1 773.

Сондай-ақ, алғашқы ондықта Франция (1 759), Англия (1 728), Италия (1 726), Испания (1 715), Нидерланд (1 694), Португалия (1 676) және Дания (1 666) бар.