Спортшы Қазақстан қоржынына екінші медальді салды
Өзбекстан астанасы – Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Елдос Сметов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін спорттық жолында басқа атақтарын айтпағанда, екі дүркін олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы атанған Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Дильшодбек Баратовпен татамиге шықты.
Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос жеңіске жетті.
Осылайша, жарыстың алғашқы күні Елдос Сметов Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.