Қазіргі кезде қылмыстық іс сотта қаралып жатыр
Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі.
«Қылмыстық әрекетті іске асыру үшін 3 компания құрылып, олардың жалпы айналымы 1,1 миллиард теңгеден асқан. Соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспей қалды», - делінген агенттік хабарламасында.
Қазіргі кезде қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.