$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында заңсыз сатылған жер телімдері арестке қойылды

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында заңсыз сатылған жер телімдері арестке қойылды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында заңсыз сатылған жер телімдерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арестке қойды. Облыс аумағында 169 жер учаскесі нарықтағы бағадан тым арзанға саудаланған. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен жергілікті атқарушы билік өкілдері заң бұзушылыққа жол берген. Мәселен облыс орталығындағы құны 79 миллион теңге болатын  54 сотық жер 11 миллион теңгеге сатылған.

Қазір келісімшарт заңсыз деп танылып, жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 

Серіктес жаңалықтары