Атырау облысында бойжеткен әкесін сотқа берді

Автор: Azattyq Rýhy

Сот отырысында тараптар медиациялық келісімге келді

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі қыз баланың әкесінен қосымша алимент өндіруді талап етіп, азаматтық іс қозғағанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.⠀

«Сот анықтағандай, айыпталушы қызы 18 жасқа толғанға дейін алимент төлеп келген. Алайда кәмелеттік жасқа толған соң қыздың алып отырған алименті тоқтап қалған»,- деп жазады «Мой город» порталы.

Қыз университетте оқуға кеткен 150 000 теңгесін өндіріп алу үшін әкесінің үстінен сотқа шағым түсірген.

«Сот отырысында тараптар медиациялық келісімге келіп, оған сәйкес талапкер көрсетілген талап арыздан бас тартты. Ал әкесі 2022 жылдың қазан айынан бастап ай сайын 45 мың теңгеден қосымша алимент төлеуге міндеттенді», - делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша сот ісі тоқтатылды.