Агенттіктің хабарлауынша, ол жарты миллион теңгеден асатын қаржыны жергілікті кәсіпкерлердің бірінен алған
Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады.
«Түркістан облысы жемқорлыққа қарсы қызметі Жетісай қаласы әкімі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жергілікті кәсіпкерден бизнес үшін жер бөліп беремін деп 530 мың теңге алды деп күдікке ілінді», - деді Д.Бигайдаров.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Кінәсі анықталған жағдайда, шешімді сот шығарады.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан