ҚР Президенттігіне кандидаттарға интернет-алаң ұсынудың шарттары

Автор: Azattyq Rýhy

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Nur Media» ЖШС-ның https://www.azattyq-ruhy.kz/ сайтында 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлауалды үгіт-насихат материалдарын шығару үшін интернет алаң ұсынудың жалпы шарттары.

«Azattyq Ruhy» ақпарат агенттінінің (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі «Nur Media» ЖШС Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – Үгіт-насихат материалдары) жариялау үшін Сайттағы интернет-алаңды ұсынудың төлемақы көлемі, шарттары мен ережелерін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты 2022 жылдың 21 қазаны күні сағат 18:00-де басталып, 2022 жылдың 18 қарашасы күні сағат 23:59-да аяқталады, осылайша, Сайтта үгіт-насихат материалдары осы кезең аралығында жарияланады.

Сайттың меншік иесі мен Кандидат арасында, болмаса, Кандидаттың уәкілетті өкілімен арада жасалған жазбаша өтініші мен келісімшарты негізінде Сайт интернет алаңын ұсынады. Үгіт-насихат материалдарының саны мен жарияланатын кезеңі Кандидат немесе оның уәкілетті өкілі жазған жазбаша өтініште жазылып, кейін келісімшарт арқылы бекиді.

Өтініш әрбір жазбаша өтінішке кезек нөмірі мен өтініштің келген күнін бекіту арқылы Кандидаттардың өтінішін тіркеу туралы журналда кезекпен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке төмендегі құжаттар қоса берілуі керек:

Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

Кандидаттың өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

өтініш беріп отырған адамның жеке куәлігінің көшірмесі;

келісімшарт жасау үшін тұлғаның өкілеттілігін көрсететін құжаттар.

Кандидаттың үгіт-насихат материалдарын Сайтта шығарудың кезегі өтініш түскен сәттің кезегімен, ал, егер өтініш бір уақытта түссе, жеребе тарту арқылы бекітіледі. Жеребе тартудың тәртібі мен шарттарын Сайт анықтайды.

Үгіт-насихат материалдары Сайтқа жарияланатын күнінен 1 (бір) жұмыс күн бұрын  берілуі керек. Үгіт-насихат материалдарында ақпарат ұсынып отырған тұлғаның қаржыландыру көзі мен тегі туралы визуалды ақпарат болуы шарт.     

Үгіт-насихат материалдарын ұсынатын Кандидат оның мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына, соның ішінде, авторлық және аралас құқық саласындағы заңдарға сай келетініне жеке басымен жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада айтылған шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ, тиісті келісімшарттың шарттары бұзылған жағдайда, Үгіт-насихат материалдары эфирге шықпайды немесе тәртіп бұзу фактісі жойылмайынша, материал шығарылмай тұра тұрады.

Егер үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды зорлықпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және діни араздықты қоздыру, рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау идеялары болса, заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру, Қазақстан Республикасының Президенттігіне басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болса, Сайт үгіт-насихат материалын шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада жазылған интернет алаңды ұсынудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талабына сай түзетілуі мүмкін.  

Сайтта үгіт-насихат материалдарын шығарудың бағасы:

Баннер

Баннер (desktop + mobile): 1000х120, 300х250

Позициясы: баннерді басты бетте, ішкі беттерде шығару

Баннер (desktop): 240х600, 1000х200,

300х200

Позициясы: басты бет

Баннер (desktop): 240х400

Позициясы: ішкі беттері

Баннер (mobile): 300х250

Позициясы: басты бет, ішкі беттері.

1000 рет көрсетудің бағасы: ҚҚС қосқанда, 1 500 тг.

Ұсынылатын саны:тәулігіне 150 000 рет көрсету ұсынылады.

Бүкіл кезеңдегі соңғы бағасы: ҚҚС қосқанда, 6 525 000 тг.

Мақала

Басты бет, жаңалықтар лентасы

5 000 символға дейін, символов (ең көбі 5 сурет, 1 видео)

Бағасы: ҚҚС қосқанда, 720 000 тг.

Айдар, жаңалықтар лентасы:

5 000 символға дейін (ең көбі 5 сурет,1 видео)

Бағасы: ҚҚС қосқанда, 500 000 тг.

Көлемі артып кеткен жағдайда бір символдың бағасы: ҚҚС қосқанда, 100 тг.

Материалдардың барлығы «материалды шығару ақысын ..... төлеген» деген белгімен белгіленеді.

Сайтта үгіт-насихат материалдарын шығарудың ақысы қол қойылған келісімшарт бойынша Сайттің меншік иесі жасаған төлем шоты негізінде шот жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуі керек.

Сайттың меншік иесі Қазақстан Республикасы Президенттігіне тіркелген кандидаттардың үгіт-насихат матерталдарын Сайтта шығару туралы жазбаша өтінішін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2022 жылдың 18 қазанынан бастап Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 ғимаратындағы (бесінші қабат) 512 кабинетте қабылдайды. Өтініш жұмыс күндері, күн сайын сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Факсимильдік және интернет байланысы арқылы берілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

«Nur Media» ЖШС Бас директоры Б. Мәкен

Тегтер: