Елімізде өткен тәулікте 63 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

1 276 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 63 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 1 276 адам коронавирус инфекциясынан (–1 150+ және 126 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 134 пациент стационарда, 1 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 4 адамның жағдайы ауыр

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.