Жамбыл облысында аудан әкімдігіне қарасты мекеме жарамды су құбырын 60 млн теңгеге сатпақ болған

Автор: Azattyq Rýhy

Мекеме басшылығы келісілген соманың жартысын алып та үлгеріпті

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында бүтіндей бір қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме басшылығы 30 шақырымдық жарамды құбырды сатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Заңсыз әрекет Жамбыл облысындағы Қаратау қаласында анықталып отыр. Аудан әкімдігіне қарасты «Игілік» көпсалалы мекемесінің басшылығы жарамды су құбырын қара металл ретінде саудалаған. Оны 60 млн теңгеге бағалап, жарты ақшасын алып та қойған. Дегенмен дер кезінде аудан прокурорларының араласуымен, заңсыз келісімшарттың жолы кесілді. Мамандар су құбырының өте төмен қаржыға бағаланғанын мәлімдеді.

 «Аталған құбырлар сатылу кезінде, сынық метал деп көрсетілген. Сонымен қоса бағалау актісі жоқ. Нақты бағасы 159 млн теңгені құрады. Құбырлар бойынша келісімшарт толығымен бұзылып, қазіргі уақытта мемлекет меншігіне қайта қайтарылуда», - деді Талас ауданының прокуроры Нұржан Әділов.