250 мың теңге бопсалаған Степногор қаласының тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

ҰҚКБ қызметкерлері ақшаны алып жатқан кезінде қолға түсірген 

фото: ru.famagusta.news

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Степногорск қаласының тұрғыны ақмолалықтан 250 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ол ақшаны беруден бас тартқан жағдайда соққығы жығылатынын айтып қорқытқан.

«Бопсалаушының қылмыстық әрекетін ҰҚКБ қызметкерлері қолма-қол ақша беру үстінде тоқтатты. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығын және өзге де мән-жайларды анықталуда», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тегтер: