$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО әкімі шалғайдағы қос ауданда болып, шаруа жайымен танысты

Өңір басшысы жол мәселесіне назар аударды

БҚО әкімі шалғайдағы қос ауданда болып, шаруа жайымен танысты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен шалғайда жатқан Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында жұмыс сапарымен болды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ең алдымен ол Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан екі пәтерлі үш және бір пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Жалпы құны 183 млн. теңге құрайын үйлерді қазан айында бітіру жоспарлануда. Одан бөлек су тасқынынан зардап шеккен 30 тұрғын үйдің иелеріне баспаналарын жөндеу үшін 45 млн. теңге қаржы берілген.

Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаевтың айтуынша, ауылдағы айналма жолдарды және Ақадыр елді мекеніндегі аспалы көпірді күрделі жөндеу жүруде. Жақсыбай сайы арқылы өтетін жаяу адамға арналған көпірді қалпына келтіру жұмыстарына аудан әкімдігінен 2 млн. теңге қаражат бөлініп, қажетті құрылыс материалдары алынған.

Құрылыс басында Ғали Нәжімеденұлы ауыл ақсақалдарымен және тұрғын үй иелерімен тілдесті. Әрі қарай облыс басшысы Жәнібек – Талов – Кіші өзен бағытындағы жолдардың және Қамысты ауылына кіреберіс жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.

Ғали Есқалиев Бөкей ордасына сапарын республикалық маңызы бар Өнеге – Бисен – Сайқын тас жолының құрылысынан бастады, жауапты мердігерлермен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жұмысты уақтылы орындамаған мердігерлер мен жауапты мекемелерге қатаң ескерту беріп, құрылыс сапасы тікелей өз бақылауында болатындығын қадап айтты.

Сапар Бисен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу арқылы жалғасты. Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жалпы жағдаймен таныстырды. Бисендіктер өздерін мазалаған жол, құм көшуі, электр бағаналардың тозуы және т.б. мәселелерді көтерді. Ғали Есқалиев тек сұрақтарға жауап берумен шектелмей, жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#БҚО #ауыл