$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент Қазнеттегі кибершабуылдар алдағы сайлауға байланысты жасалуы мүмкін екенін айтты

Мемлекет басшысы кей күштердің Қазақстандағы оң өзгерістерге кедергі жасағысы келетініне тоқталды

 

Президент Қазнеттегі кибершабуылдар алдағы сайлауға байланысты жасалуы мүмкін екенін айтты
©Pxhere

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесу барысында Қазнетке жасалып жатқан кибершабуылдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет. Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент биылғы референдум нәтижесі ел бағдарының дұрыстығын көрсеткенін, жұртшылық Ата заңға ұсынылған өзгерістерді қолдағанына тоқталды.

Тақырыпқа орай: Қазнетке тағы да кибершабуыл жасалды

«Конституциялық реформа саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам болды. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығая түсті. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты. Бұл Президенттік Республика болады деген сөз. Расында, ел басқаратын Президент құзырлы, күшті болуы керек. Әйтпесе, кейбір басқа елдердегі сияқты тәртіпсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Ал, ондай жағдай халқымызға қасірет әкеледі. Келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары тың тәсіл, яғни аралас жүйе бойынша сайланады. Өңір басшылары баламалы жолмен таңдалады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілді. Саяси партияларға заң жүзінде тың мүмкіндіктер берілді. Жұрттың мемлекетті басқару ісіне атсалысуына жол ашылды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары