Тоқаев Семейде заманға сай жылу электр орталығын салуды тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозғанын айтты

Фото: aif.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облсының тұрғындарымен кездесу кезінде Семей қаласына жаңа ЖЭО салынуы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жеткенін айтты.

«Сондықтан Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық»», - деді ол.